07 қаз, 2020 сағат 12:07

Президент әкімдерге мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын жандандыруды жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мониторинг жүргізетін топтардың белсенділігін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мониторинг жүргізетін топтардың белсенділігі төмендеп барады. Әлеуметтік желілер арқылы түрлі жиын-тойларда түсірілген фотосуреттер таралуда. Мониторинг жүргізетін топтар тексерістерін азайтты. Бұл ретте, карантин шаралары сақталмай, заң бұзу деректері көбейіп кетті», - деді Президент коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы әкімдерге мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды. 

«Ведомствоаралық комиссия осыны қатаң бақылауға алуға тиіс», - деді ол.