Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы жолдауы жасанды интеллект дәуіріне арналғаны белгілі.
«Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет», - деген еді мемлекет басшысы жолдауда.
Бүгінгі күні Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр? Жасанды интеллект дәуірніне еліміз қалай аяқ басып жатыр? Осы туралы зерделеп көрейік.
Жаңа технологияларды Қазақстан кешенді әрі жүйелі дамытуды көздейді. Сондықтанда биылғы жыл елімізде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды.
Айта кетейік, біздің еліміз «жасанды интеллект туралы» заң қабылдап, цифрлық кодекс әзірледі. Бұл - өте жылдам дамып жатқан жасанды ителлект және жаңа технологиялар дәруірінде қауіпсіздік пен реттілік енгізіп, жауапкершілікті арттырады. Жүзден астам жобаны қамтитын мемлекеттік жоспар іске асуда.
Әсіресе білім беру саласына жасанды интеллект белсенді енгізілуде. Мектептің оқу бағдарламасына ЖИ сауаттылығын арттыру енгізіліп, AI арнайы универститеті ашылмақ.
Елімізде тұңғыш Alem.ai халықаралық орталығы ашылды. Бұл орталықта білім беру бағдарламаларынан бөлек, ғылыми зерттеулер жүргізіліп, стартаптар жүзеге асады. Бүгінде елімізде жүзден астам ЖИ стартабы бар көрінеді.
Бұдан бөлек, елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жалғасын тауып, салық және кеден жүйесін автоматтандыру қолға алынып жатыр. Тіпті Қазақстанда цифрлы қала жобасы іске аспақ. Соның бірі де бірегейі - Alatau City деген цифрлы қала. Онда «ақылды қала» технологиялары енгізіліп, көлік, қауіпсіздік, коммуналдық қызметтер мен мемлекеттік сервистер толық цифрландырылмақ.
Елімізде жасанды интеллектіні дамыту, цифрландырудың аясын кеңейту жүйелі түрде қарқынды жүзеге асуда.
