01 қыр, 2020 сағат 13:18

Президент биылғы Жолдауында демография саласында жаңа саясат басталғанын жариялады – Балаева

Бүгін Мемлекет басшысы өз Жолдауында отбасылық-демографиялық салада жаңа саясат басталғанын жариялады. Сөзсіз, бұл саладағы шоғырланған мәселелерді шешуге арналған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылдау оның тиімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, шараларды нақтылап, олардың нәтижелі болуына бақылау орнатады. 

Балалар мен олардың мүдделері және саулығы қазіргі Жолдаудың негізгі объектілерінің біріне айналды. Бұл мемлекеттің осы саладағы көкейтесті мәселелерді шешуге шындап кірісетінін көрсетеді. Бұл тек білім беру мәселелеріне ғана емес, балалардың физикалық және рухани саулығына да қатысты. Дәл осы отбасылық қатынастар саласындағы істердің ахуалы жауапты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жұмысының тиімділігін бағалауда басты индикаторлардың біріне айналуы тиіс», - деп атап өтті министр.