Фото: Ақорда
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика мен бюджетті жоспарлау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов және өзге де лауазымды тұлғалар қатысты.
Кездесуде 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері мен ұлттық экономиканың даму перспективалары қаралды.
Президент қаржыны республикалық және жергілікті деңгейде тиімді жоспарлау, әлеуметтік міндеттемелерді толық орындау, өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыру және бюджет қаражатын мақсатты пайдалану қажеттігін атап өтті.
