06 ақп, 2026 сағат 15:38

Президент Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады, деп хабарлайды Ult.kz.

Кездесу барысында Президент Қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомствода жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.