05 қар, 2020 сағат 15:46

Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын тағайындады

Талғат Қойбақов ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды», - делінген Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта. 

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.