01 қыр, 2020 сағат 10:26

Президент қылмыстық заңнама жиі өзгеретінін сынға алды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қылмыстық және қылмыстық-процесуалдық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Оны жиі түзету мен өзгеріс енгізу құқықты қолдануға кері ықпал етеді және біркелкі тергеу және сот практикасын жасауға мүмкіндік бермейді», - деді Президент . 

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялауда.