30 сәу, 2025 сағат 10:31

Президент Тілеухан Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Фото: Ақорда

Мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды", — делінген хабарламада.