12 жел, 2025 сағат 15:36

Мемлекет басшысы Түрікменстанның бейтараптығының 30 жылдығына арналған халықаралық форумға қатысты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өткен Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күніне және Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған ірі халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті тарихи дата – елдің бейтарап статусына 30 жыл толуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның бейтараптық саясаты бүкіл Еуразия кеңістігінің тұрақтылығын нығайтуға зор үлес қосқанын ерекше атап өтті.

— Форумда талқыланған бастамалар ХХІ ғасырдағы бейтараптықтың мәнін қайта осмыслетуге жол ашады. Түрікменстанның бейтарап бағыты елдің ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетімен және құндылықтарымен ұштасады, — деді Президент.


Мемлекет басшысы түрікменнің ұлы ойшылы Мақтымқұлы Пырағының:
«Тыныштық болса – ел өседі, әділдік болса – сенім күшейеді» деген сөздерін келтіріп, бұл қағидалар қазіргі күрделі халықаралық жағдайда да өзекті екенін айтты.

Форумда Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау жөніндегі Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Президент Ашхабад бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық бейбітшілік және сенім жылын Қазақстан қолдағанын айтты.

Сонымен қатар, әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісіп, халықаралық құқық нормаларының әлсіреп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

— Кейбір көпжақты институттардың беделі мен тиімділігі төмендеді. Әділ әлемдік тәртіп орнату үшін стратегиялық теңгерімді қалпына келтіру қажет. Сондықтан Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді және Бас Ассамблеяның рөлін күшейтуді қолдайды, — деді Мемлекет басшысы.


Президент БҰҰ жүйесін реформалау бойынша нақты ұсыныстар әзірлейтін пікірлестер тобын құру бастамасын көтергенін еске салды.