17 ақп, 2026 сағат 11:04

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастырып, өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән беретінін жазған. 

Сонымен қатар ортақ күш-жігер жұмылдыру арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізген. 

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.