26 қаз, 2020 сағат 22:30

Президент Жарлығымен елорда соттарына жаңа судьялар тағайындалды

Елордада жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталмыш ведомство төрағасының міндетін атқарушы Абай Көкжалов ҚР Президентінің 2020 жылғы 21 қазанындағы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды.

Президент Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне Нүсіпова Шолпан Маратқызы тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьялары қызметіне Қасымова Майя Төлегенқызы, Нұрабай Сәуле Қуанышқызы тағайындалды.

Мақамбетов Ермек Төлегенұлы – Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы қызметіне, Кәрімов Сабыржан Кенжеқанұлы – Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.