11 сәу, 2019 сағат 10:56

Президенттік сайлауды өткізуге қанша қаржы бөлінеді?

ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов кезектен тыс президенттік сайлауға қаржы бөлу бойынша Орталық сайлау комиссиясының өтінішхатын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінде резерв қалдығы – 51 млрд теңге. ОСК сайлауға 12 млрд теңге бөлу туралы өтінішхатты енгізді. Қазіргі кезде есептеулер жүргізілуде, яғни осы бағалаудың негізділігі тексерілуде. Оның қорытындысын қосымша хабарлаймыз», - деді Б. Шолпанқұлов Сенатта тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, аталған қаржы сомасы азаюы мүмкін.

«Бөлінетін қаржы деңгейі төмендеуі ықтимал, оны есептеулер кезінде нақтылаймыз. Қаржының 70 пайызы - сайлау округтерінде жұмыс істеуге тартылатын адамдардың еңбекақысы.

Егер де барлық есептеулер ұсынылса, біз екі күннің ішінде талдау жүргізіп, қортындысын жасауға дайынбыз. Өткен жылғы талқылау кезінде 2020 жылға 8,8 млрд теңге қарастырылған еді. Алайда 2019 жылы 1 қаңтарда ең төменгі жалақы мөлшері көбейген соң, аталған сома көбейіп отыр», - деді Берік Шолпанқұлов.