23 қаз, 2020 сағат 09:00

Президенттің қатысуымен Қазақстан судьяларының VIII съезі басталды

Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезі басталды. Съезд жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Онлайн режимде өтіп жатқан съезд жұмысына Қазақстан Судьялар одағының делегаттары; халықаралық сарапшылар мен серіктес-ұйымдар; қоғам және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысып отыр. 

Съезде сот жүйесін дамыту, атап айтқанда, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны күшейту және тағы да басқа мәселелер талқыланады.