29 сәу, 2020 сағат 16:48

ПТР тестті тапсыру бағасы әртүрлі - Сәдуақас Байғабылов

Елорда мен Алматыға ұшатын жолаушылар ПТР тестті мемлекеттік және жеке меншік зертханаларда тапсыруларына болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшу үшін ПТР тест тапсыру керек. Бұл тест бір-ақ рет тапсырылады. Коронавируспен ауырмайтынын растайтын анықтама жеті күнге дейін жарамды. Барған қаласында жеті күннен артық бөгелмеген жолаушы үшін осы анықтама қайтып келуге де жарамды болады. ПТР тестті мемлекеттік және жеке меншік зертханаларда тапсыруға болады. Жеке меншік зертханада ПТР тест бағасы 19 -20 мың теңге аралығында болса, мемлекеттік зертханада 11500 теңге тұрады. Ондай зертханалар әрбір облыс, аудан орталықтарында бар», - дейді Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов. 

Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің санитарлық-карантиндік пункттерінің басшысы Дария Әзімбаеваның айтуынша, Нұр-Сұлтан немесе Алматыға ұшардан екі тәулік бұрын COVID-9 бар-жоғын анықтайтын тест тапсыру керек. 

«Жеті күн ішінде барып-келіп үлгеретін болса, аталған анықтама екі жаққа да жарамды болады», - дейді ол.