27 мам, 2021 сағат 19:03

Путинцева Страсбург турнирінің жартылай финалына шыға алмады


Қазақстанның екінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Страсбург (Франция) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде өзінен бес саты төмен тұрған Польша өкілі Магда Линетпен кездесті.

М.Линетт бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті. Ол екінші сетте де қарқынын кеміткен жоқ – 6:3.

Матч барысында Магда 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана алса, Путинцева біреумен шектелді. Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды. 

Поляк теннисшісі финалға шығу үшін әлемнің 61-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен таласады.