
Әнші, продюсер Рано Умарова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және коронавирус жұқтырған барлық қазақстандықтарға денсаулық тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Елбасы өте қайсар және күшті адам, бұл ауруды да еңсереріне сенімдімін. Мен оған зор денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін», - деді Рано Умарова.
Сонымен бірге, әнші коронавирус инфекциясын жұқтырған барлық қазақстандықтардың сауығып кетуін тіледі.
«Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, мықты иммунитет пен жақсы көңіл-күй тілеймін. Бұл барлық қиындықтарды жеңуге септігін тигізеді. Жеке өзім әрбір адамның сауығып кетуін тілеймін», - деді әнші.
Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Әбішұлы өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда.
