
Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6060 адам анықталды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Жедел штабқа сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей Федерациясының 78 өңірінде бір тәулікте 6060 адамның коронавирусты жұқтырғаны анықталды. Вирусты жұқтырғандардың 43%-ында клиникалық симптомдар байқалмаған.
Бұған қоса, тағы 48 адам қайтыс болды. Жақында ауруынан 234 адам айығып шықты.
