20 нау, 2020 сағат 20:35

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 253 адамға жетті

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 253 адамға жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, Ресейдің тоғыз өңірінде 54 жаңа жағдай тіркелген. 

Қазіргі кезде 12 адам інденттен жазылып шыққан.

Еске салсақ, Мәскеу қаласында жаңа типтегі коронавирус диагнозы расталған егде жастағы әйел көз жұмғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.