
20 сәуірдегі жағдай бойынша Ресейде COVID-19 жұқтырғандар саны 47 121 адамға жетті, деп хабарлайды Ресейдегі коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, Ресейде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 4 268 адамға артқан. Өткен тәулікте 155 адам, ал жалпы – 3446 адам жазылып шыққан. Соңғы тәулікте 44 науқас қайтыс болды, ал жалпы коронавирустан індет кезеңінде 405 адам көз жұмған.
Өткен тәулікте Мәскеуде ең көп адам ауру жұқтырған – 2026 адам (Ресей астанасында барлығы – 26 350 науқас), Мәскеу маңында – 578, Нижегород облысында – 113, Санкт-Петербургте - 86, Ростов облысында – 60, Мурманск облысында – 46, Шешенстан Республикасында – 45, Башқұртстан Республикасында – 45, Татарстан Республикасында – 39. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын анықтауға 2,05 млн тест жасалды.
