11 мам, 2020 сағат 08:45

Ресейде тұрғындардың бірі түнде қатты шулаған көршісіне граната лақтырған

Ресейдің Ставрополь өлкесіне қарасты Приэток ауылында ер азамат туған күнді у-шу болып тойлап жатқан адамдар тобына граната лақтырды, деп хабарлайды ТАСС агентігі.

Ресейлік агенттікке оқиғаны Тергеу комитеті осылай түсіндірген. 

«Көршілерінің қатты шулағанына наразы болған жергілікті тұрғын қақпаның сыртынан оларға граната лақтырған»,-деп түсіндірді тергеушілер. 

Өңір губернаторы Владимир Владимиров өзінің Instagram парақшасында күдіктінің мас болғандығын айтты. 

Қазіргі таңда осы оқиға бойынша бірнеше адамның өмірін қиюға оқталу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.