19 сәу, 2023 сағат 16:10

Ресейлік хоккейші Қазақстан азаматтығын алуға мәжбүр болды

Фото: olympic.kz

Хоккейші Дмитрий Гурков Ресей азаматтығынан бас тартты. Қазақстан құрамасында ойнап жүрген 26 жастағы спортшы мұндай қадамға әлем чемпионатына қатысу үшін барған, деп жазады Halyq Uni.

Sportbox-тің хабарлауынша, Дмитрий Гурков бұған дейін қос азаматтықпен (Ресей, Қазақстан) жүрген. Бірақ әлем чемпионатынан Ресей мен Беларусия құрамаларының шеттелуі оның «киын шешім қабылдауына» алып келген. Ақырында ол Қазақстан азаматы паспортымен ғана қалып отыр.

«Шабуылшы Азия елінің заңнамасына байланысты тек Қазақстан паспортын қалдыруға мәжбүр болды. Бұған дейін жанкүйерлер 4 хоккейшінің қос азаматтығы бар екенін ескертіп, тексеруді талап еткен. Осылайша, ойыншыларға Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионатында (Әлем кубогында) өнер көрсеткісі келсе, Ресей паспортынан бас тарту ұсынылды», - делінген ақпаратта.