04 там, 2021 сағат 15:45

Ресми: Алматы халқының саны екі миллионнан асты


Алматы халқының саны ресми түрде екі миллионнан асты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, биыл 1 шілдедеден бастап Алматыда 2 миллион 304 мың адам тұрып жатыр. Алайда қалада екі миллионыншы адам нақты қай кезде туғаны белгісіз. Ал маусымның соңында 1 миллион 996 мыңға жеткен. 

Айта кетейік, Алматыдағы миллионыншы адам КСРО кезеңінде туған, яғни 1981 жылдың 19 желтоқсанында өмірге келген. Ол - Бауыржан Қадірсізов есімді қала тұрғыны.