08 жел, 2022 сағат 15:38

Рейдерлікпен айналысқан қылмыстық топтың сыбайластары анықталды


Рейдерлік басып алумен айналысқан қылмыстық топтың жаңа сыбайластары анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрын Қаржы мониторингі агенттігі ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатқанын хабарлаған еді.

"Еске салайық, соталды тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынып, ұйымдастырушы - Қоспаев Елдос, сондай-ақ оның сенімді адамдары Имашев Ерлан мен Шалин Русланды іздеу жарияланған болатын. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын – қамауға алуды санкциялады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластар анықталған - Қоспаев Айдос, Кудряшева Оксана және Кузнецов Алексей.

"Бұл адамдар да іздеуде. Іздеудегі адамдардың қайда екенін білетін болсаңыз, ҚМА сенім телефонына хабарласыңыз. Ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы, ал құпиялылыққа кепілдік беріледі", - делінген ҚМА мәліметінде.

ҚР ҚПК-ның 201-бабы негізінде іс бойынша өзге мәлімет жария етілмейді.