31 нау, 2020 сағат 09:55

Римнің кардинал-викариясынан коронавирус анықталды

Дүйсенбі күні Рим епархиясындағы Франциск папасы викариясы, кардинал Анджело де Донатистің коронавирусқа тестісі оң нәтиже бергені белгілі болды.

Денсаулығының нашарлауына байланысты кардинал Римдегі ауруханаға жатқызылды. Сақтық шаралары ретінде оның жақын көмекшілері карантинде болады, деп хабарлайды Reuters агенттігі. 

66 жастағы Де Донатис соңғы уақытта Франциск Папасымен кездеспеген. 

Коронавирус Италияда 11 591 адамның өмірін қиған.