
Роспотребнадзор 13 елге 100 мыңнан астам COVID-19 вирусын зерттеуге арналған тест-жүйе берді. Аталмыш жүйе тағы 3 елге жіберілмек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта Роспотребнадзор «Вектор» вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығы» Федералды бюджеттік ғылыми мекемесі әзірлеген COVID-19 вирусын 100 мыңнан астам зерттеуге арналған тест-жүйесін Еуразиялық экономикалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Иран, Моңғолия, КХДР елдерін қоса алғанда 13 мемлекетке берді. Мысыр, Сербия және Венесуэлаға жеткізілуі күтілуде», делінген таратылған ақпаратта.
Сондай-ақ аталмыш ақпаратта аталған тест-жүйенің арқасында Армения, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде коронавирус инфекциясының алғашқы деректері тіркелгені айтылған.
