24 қаң, 2023 сағат 10:18

Рыбакина Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты

Источник фото: Global Look Press

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open – 2023 турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда латвиялық спортшы Елена Остапенкодан айласын асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.

1 сағат 21 минутқа созылған ойында Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте-ақ жеңіп шықты. Бірінші сетте 6:2 есебімен басым түссе, екінші сетті 6:4 есебімен аяқтады. 

Жартылай финалда отандасымыз Джессика Пегула (АҚШ) және Виктория Азаренко (Беларусь) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. 

Тарихи жетістік, Елена Рыбакина – Australian Open жарысының жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Өзінің мансабында да осы жарыстың жартылай финалына алғаш рет шығып отыр. Бұған дейін "Үлкен дулыға" санатына енетін "Уимблдон" жарысында топ жарған.