29 нау, 2023 сағат 04:25

Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: Miami Open

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елена ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 24-орында тұрған италиялық теннисші Мартина Тревизанмен шеберлік байқасып, 1 сағат 9 минутқа созылған ойында 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл - Рыбакинаның қатарынан 12-жеңісі. Енді ол турнирдің жартылай финалында Джессика Пегула (АҚШ) мен Анастасия Потапова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.