28 нау, 2023 сағат 10:13

Рыбакина Miami WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Елена төртінші айналымда (1/8 финал) дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлік байқасып, 1 сағат 46 минутқа созылған ойында 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл – Рыбакинаның қатарынан он бірінші жеңісі.

Айта кетейік, отандасымыз жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Masters додасының жартылай финалына шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсеткенін хабарлаған едік. Ол 2022 жылғы "Уимблдон" турниріндегі жеңісінен кейін сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген. Спортшы сол уәдесінде тұрып, қазақстандық жас теннисшілерге 2,5 миллион теңгеден сыйлады.