02 қыр, 2025 сағат 15:40

Сабина Алтынбекова спорттық мансабын Қазақстанда жалғастырады


Фото: instagram.com/altynbekova_20


Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Қазақстанға оралып, "Астана" командасының ойыншысы атанды. Бұл туралы 28 жастағы спортшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.


Спорттық мансабында Алтынбекова "Алматы" клубында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Жапония, Біріккен Араб Әмірліктерінде жанә Индонезиялық командалар сапында ойнаған. "Аль-Васл" клубы сапында Араб лигасының чемпионы атанған.


Еске салайық, Алтынбекова спорт сүйер қауымға 2015 жылы Тайбэйде өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында танылды. Ол кезде жанкүйерлер оның ойын өрнегіне қоса, сырт келбетіне де ерекше назар аударған еді.