26 шіл, 2023 сағат 10:28

Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді

© Photo: СЦК

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Сәдуақас Байғабылов орталық филиалы директорын басқа қызметке ауыстыру үшін 2,5 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді.

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2023 жылғы 14 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК базасында оның филиалдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының директоры А. Манкеев пен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары С. Байгабуловқа қатысты ұсынысы қаралды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында А. Манкеев қызмет бойынша ауысу мақсатымен өзінің басшысы С. Байгабуловқа («Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының бұрынғы орынбасары - ред.) ақша қаражатын бергені анықталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Сәдуақас Байғабылов 2023 жылғы 18 мамырда «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары қызметінен босатылған.

«Лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауы азаматтық қоғамда теріс көріністерге әкеледі және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының имиджі мен іскерлік беделін төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық пен өзге де бұзушылықтарды алдын алуға, жолын кесуге және болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыс - сала үшін негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ қарастырылған жауапкершіліктерді (қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік) талдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесі де талқыланды.

Кеңеске қатысушылардың басты назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қатаң сақтау және өзінің қызметтік міндеттерін адал орындаудың қажеттігіне аударылды», - делінген комитет хабарламасында.

Еске салсақ, Асхат Манкеев биыл наурыз айында ұсталған.