
Cербия президенті Александр Вучичтің баласы Данилоны тексеру қорытындылары оның коронавирусқа шалдыққанын көрсетті. Ол инфекциялық аурулар емханасына жатқызылды. Бұл туралы Telegraf агенттігі хабарлады.
Вучич оны әлеуметтік желідегі аккаунтында растады.
«Менің тұңғышым коронавирус жұқтырған, ол инфекциялық аурулар емханасына жатқызылды. Балам, сен дертті жеңіп шығасың».
«Әкең сені жақсы көреді, барлығымыз жақсы көреміз!», - деп жазды Вучич Instagram парақшасында.
