28 сәу, 2025 сағат 11:53

Серік Сәпиев Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Фото: ашық дереккөз

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ult.kz.

"Құрметті достар! Мен сіздермен соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді. Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс Конференцияда Комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін! Сурдлимпиадашылар Алға!", – деп жазды спортшы.