28 мау, 2022 сағат 12:09

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік ондыққа ілікті


UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін жартылай орта дивизион рейтингінің алғашқы ондығына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Рахмонов өткен демалыста Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында қылғындыру әдісімен жеңді. Бұл - ол жігіт үшін UFC лигасындағы қатарынан төртінші жеңіс.

Қазақстандық спортшы UFC жартылай орта дивизионының үздік жауынгерлерінің рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, 10-орынға тұрақтады. Рахмоновтан жеңілген Мэгни екі сатыға - 12-орынға түсті.

Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңгені хабарланған болатын.