28 мам, 2021 сағат 15:12

Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Канаданың осал тұсын таба ала ма?


Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 28 мамырда Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған ойын елорда уақытымен 19.05-те басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Екі құрама бұған дейін аталған турнирде екі мәрте кездесті. Оның екеуінде қанадалық хоккейшілер жеңіске жетті. 

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы биылғы турнирде бұған дейін төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Алдымен буллиттен Латвиядан 2:1, Финляндиядан 3:2 есебімен басым түссе, одан кейін АҚШ-қа 0:3 есебімен есе жіберді. Төртінші кездесуде Германияны 3:2 есебімен тізе бүктірді. 

Ал Канада алғашқы үш кездесуде Латвиядан 0:2, АҚШ- тан 1:5:, Германиядан 1:3 есебімен жеңілді. Төртінші ойында Норвегиядан 4:2 есебімен басым түсті. Қазір турнир кестесінде сегіз құрама арасында канадалық хоккейшілер жетінші орынды місе тұтып отыр. 

Канада шайбалы хоккейден 26 мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Соңғы рет 2016 жылы осындай табысқа қол жеткізді.