27 сәу, 2021 сағат 23:00

Шайбалы хоккей: «Сарыарқа» ел чемпионы атанды


Қарағандының «Сарыарқа» командасы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кеншілер қаласының клубы турнирдің финалдық сериясында Көкшетаудың «Арлан» командасын қапы қалдырды. 

Ойындар сериясында 4:2 есебімен жеңіске жетті. 

Қарағандылық клуб соңғы кездесуде қарсыласын 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Оны Иван Безруков пен Михаил Рахманов өздерінің еншісіне жазды.

Айта кетейік, алғашқы екі ойында «Арлан» екі мәрте жеңіске жеткен болатын. 

Одан кейін қарсыласынан төрт мәрте жеңілді. 

Осылайша чемпион атағына «Сарыарқа» қол жеткізді.