25 мам, 2021 сағат 14:58

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Бүгін Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеседі


Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 25 мамырда Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеседі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған ойын елорда уақытымен 19.05-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін аталған турнирде бес мәрте кездесті. Оның барлығында америкалық хоккейшілер жеңіске жетті. Айта кетерлігі, олар әлем чемпионатында 1970, 1974, 1983 жылдары жеңімпаз атанды.

Биылғы турнирде қазақстандық хоккейшілер алғашқы екі ойында басым түсті. Алдымен Латвияны буллитен 3:2 есебімен жеңсе, одан кейін Финляндияны буллитен 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал АҚШ құрамасы алғашқы ойынында Финляндияға 1:2 есебімен есе жіберсе, екінші кездесуде Канададан 5:1 есебімен басым түсті.