Фото: ТЖМ
26 ақпанда түнде Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласындағы дәмханада жарылыс болды, деп хабарлайды Ult.kz Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бес қабатты тұрғын үйде орналасқан дәмханада газ бен ауа қоспасы жарылған.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, барлығы 26 адам зардап шеккен. Оқиға салдарынан 7 адам қаза тапты: олардың бесеуі оқиға орнында көз жұмса, тағы екеуі 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза болғандардың арасында 16 жастағы қыз бар», – делінген ресми хабарламада.
Жарылыстың нақты неден болғаны анықталып, оқиға орнында облыстың жедел штабы жұмыс істеп жатыр. Өңір әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
