19 ақп, 2026 сағат 13:06

Балқашта көпқабатты үйдің қабырғасы опырылды

Балқаш қаласы, Қараменде би көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің  кіреберісі опырылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Әкімдік мәліметінше, аталған подъезд бұған дейін техникалық қорытынды негізінде апатты деп танылып, тұрғындары алдын ала көшірілген. 

Қазір ғимарат қоршауға алынып, инженерлік желілер ажыратылды. Зардап шеккендер жоқ.