Фото: bobrlife.by
Шу ауданында 46 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қыз баланы бір жарым жыл бойы зорлаған. Дәл осындай арызбен полицияға оның анасы жүгінген, деп хабарлайды Ult.kz HALYQSTAN telegram арнасына сілтеме жасап.
И.М. жәбірленушіні алғаш рет ауданның бір шаруа қожалығында, қыз 12 жаста болғанда азғырған. Кейін оның дәрменсіз күйін пайдаланып, бұл әрекетін қайталауды жалғастыра берген.
Аталған дерек бойынша бастапқыда Қылмыстық кодекстің 122-бабы (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе басқа сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалған, кейін 120-бапқа (зорлау) қайта өзгертілді.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жетінші сынып оқушысының не себепті және кіммен бірге шаруа қожалығында болғаны жөнінде және қыз осындай қорқынышты жағдайға тап болғанда оның ата-анасы қайда болғаны туралы сұраққа полиция жауап бермеді.
HALYQSTAN тілшісінің дерегінше, күдікті жәбірленуші қыздың отбасына туыстық қатысы бар адам болып шыққан.
Қазіргі уақытта ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
