22 ақп, 2017 сағат 12:27

Швейцария павильонының дайындығы жоспар бойынша жүріп жатыр

Швейцария және Монако павильондары Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қызу дайындық үстінде. Бұл жайында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қатысушысы, ұлттық Швейцария және Монако секциясының комиссары Мануэль Салчли айтты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Монако корольдігінің делегациясы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі өз павильонын анықтады. Жақын арада алғашқы жобаларының бірін таныстырады. Ал швейцариялықтар өз павильионына ертең орналасады.

Моноко павильонына қатысты Мануэль Салчли: «Біз өз павильионымызды қабылдап алдық. Біздің ұжым бүгін-ертең жаңа жобаны таныстырмақ. Біз ЭКСПО басшыларының көңілінен шығамыз деп үміттенміз», -дейді.

«Швейцария павильонына қатысты бәрі біз жоспарлағандай жүзеге асып келеді. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Жұмыстар 2 сәуірде аяқталады. Қателеспесем, ертең ЭКСПО басшыларынан ресми түрде өз павильонымызды қабылдаймыз», - дейді комиссар.

Қазіргі кезде Швейцария мен Монако делегациясы көрмеде қызмет ететін жұмысшыларды іздестіруде. Олардың айтуынша, шараға қатысатындардың 50%-ы қазақстандық азаматтар болады.

«Швейцария елшілігіндегі әріптестермен бірге жұмысшыларды іздеп жатырмыз. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды көріп, таңқалысымызды жасыра алмадық. Біздің павильонда жалпы 50 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оның 50%-ы қазақстандықтар болмақ.