15 мау, 2023 сағат 11:46

Шымкент тұрғындары Chia Tai Tianging Group қаржылық пирамидасына 83 миллион теңге құйған

Фото: elements.envato.com

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Chia Tai Tianqing Group» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 миллион теңге салған.

Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.

ҚМА қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертті.