Фото: видеодан скриншот
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру, бұзақылық және адам ұрлау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен төрт ер адамды анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Аталған оқиға 20 қаңтар күні болған. 40 жастағы ер адам алған пышақ жарақаттарының салдарынан көз жұмып, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілген.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Бұзақылық» және «Адам ұрлау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылып, істің мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
