28 жел, 2022 сағат 11:53

Шымкентте бопсалаумен айналысқан қаруланған ер адам құрықталды

Фото: Polisia.kz

Шымкентте бопсалаумен айналысқан қаруланған ер адам құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына қала аумағында бопсалаумен айналысатын қарулы күдікті бар екені туралы жедел ақпарат келіп түскен. Полицейлер бұл дерек бойынша күдіктіге қатысты жеке мәліметтерді жинақтап, іздестіру жұмыстарына кіріскен.

Оның бұған дейін Қылмыстық кодекстің 125-бабы ("Адам ұрлау"), 126-бабы ("Бас бостандығынан заңсыз айыру"), 293-бабы ("Бұзақылық"), 389-бабы ("Өзінше билік ету") бойынша сотты болғаны анықталды.

Нәтижесінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы "Қару" операциясын өткізіп, күдіктіні уақытша тұрғылықты мекенжайында қолға түсірді. Ер адамнан Макаров тапаншасы, 3 оқ және жиналмалы пышақ тәркіленді.

Бұл дерек әл-Фараби АПБ-да ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.

Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің атыс қаруын қолдану арқылы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Бұлтартпау шарасы тағайындалды.