03 ақп, 2026 сағат 12:33

Шымкентте жасөспірім кішкентай қызды зорламақ болған видеосы желіде тарады

Фото: Видеодан скриншот

Шымкентте 15-17 жасар жасөспірім кәмелетке толмаған кішкентай қызды зорламақ болған, деп хабарлайды Ult.kz әлеуметтік желідегі shymkent.bugin парақшасына сілтеме жасап.

Желіде бейнебақылау камераларының жазбасы тарады. Онда жасөспірімнің кәмелетке толмаған қызға жақындап, оны ұстап алып, қашуға тырысқаны көрсетілген.

Күдікті көп ұзамай ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Күдіктінің ата-анасы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Бүлдіршінмен психолог жұмыс істеп жатыр. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, деп атап өтті полициядағылар.

Қылмыстық іс қозғалды.