30 мау, 2022 сағат 15:54

Шымкентте ЖШС директоры қаржы жымқырды деген күдікке ілінді


ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті "Қамқор" жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", - делінген хабарламада.