20 нау, 2020 сағат 19:07

Синоптиктер елордада және өзге 5 өңірде ескерту жариялады

Ауа райының нашарлауына байланысты 21 наурызға бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 23 м/с артуы ықтимал. 

Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. 

Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күшейеді. 

Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші бөлігінде оның жылдамдығы 15-20 м/с артады. 

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.