26 қаң, 2023 сағат 14:28

СҚО-да салынбаған жол пайдалануға берілген

көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Ауыл – Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол төсемі болмай тұрып, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылды. Жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымы жоқ. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңге болады. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жол салу кезінде жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, іс сотқа жіберілген.

"Жергілікті тұрғындар үшін бұл жолдың салынуы облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан әлеуметтік маңызы бар. ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің осындай жұмыстарды жүргізуі қазіргі уақытта кейбір учаскелері жұмыс істеп тұрған тас жол құрылысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді", - делінген ведомство хабарламасында.