05 мам, 2020 сағат 16:17

Соғыс ардагерлерінің бәріне Мемлекет басшысы атынан сый тапсырылады

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін 9 мамыр күні Жеңіс мерекесімен қалай құттықтау жоспарланып отыр? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жергілікті атқарушы органдар карантин шараларын барынша қатаң сақтап, жұмыс жүргізеді. 9 мамыр мерекесінің маңызы зор. Осыған байланысты Мемлекет басшысының атынан соғыс ардагерлерінің бәріне мерекелік медальдар мен құттықтау сыйы тапсырылады. Сонымен қатар ардагерлерге азық-түлік кәрзеңкесі де сыйға беріледі», - деді Ерлан Әукенов тілшілердің сұрағына берген жауабында.