04 мам, 2022 сағат 17:02

Сот Қайрат Құдайбергенге қатысты шешімін өзгеріссіз қалдырды


Сот депутат Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметі бойынша, 4 мамырда Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Құдайбергенді қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған, адвокаттар шағымы қанағаттандырылмаған.

Бұған дейін тергеу соты Қайрат Құдайбергенді 30 тәулікке қамауға алуға санкция берген болатын.

Еске салайық, 22 сәуірде Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын ресми түрде растаған.