Фото: kff.kz
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Федерация таратқан мәліметке сенсек, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.
«Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұдан бінеше күн бұрын Черчесовтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы жазған едік.
